Тері, оның құрылымы, гигиенасы, қызметі


     Терінің маңызы. Тері – біздің денеміздің сыртқы жабыны. Ол мықты, серпімді болады. Бұл адамның жеңіл және еркін қозғалуына мүмкіндік береді. Тері адамның ішкі мүшелерін сыртқы соққыдан қорғайды және судың мөлшерін белгілі бір көлемде сақтайды. Таза және ауруға шалдықпаған тері организмге әр түрлі микробтардың енуіне жол бермейді. Тері жүйке талшықтарының ұштарымен торланған. Сондықтан біз ыстықтың, суықтың әсерін, сипау және ауру сезімдерін қабылдап, өзімізді күюден, үсуден, жарақаттанудан қорғай аламыз. Тері организмнің ысып немесе суып кетуіне және дененің қызуын сақтауға қатысады. Организмдегі зиянды заттар, мөлшерден артық тұздар тepi арқылы (термен) бөлініп отырады. Tepi газдардың алмасуына қатысады, оттекті ciңipiп, көмірқышқыл газын бөледі. Tepi — сезім мүшесі.Терінің құрылысы. Tepi үш қабаттан: сыртқы, ішкі жене шел қабатынан тұрады Терінің сыртқы қабаты эпителий ұлпасынан құралады. Ycтiңгi қабат өлі клеткалардан тұрады. Олар теріні қатты бөлшектердің, газдардың, сұйықтықтардың әсерінен сақтайды. Ескірген, өлі клетка орнына жаңа клеткалар ауысып келіп отырады. Бұл жаңа жас клеткаларда бояғыш заттар болады. Олар терінің түсін және организмді күн сәулесінен қорғайды. Адам организміндегі бояғыш заттар күн сәулесінің әсерінен пайда болады.




Скачать