Оккупациядан кейінгі кезеңдегі Жапонияның саяси және экономикалық қарқынды дамуы


Оккупациядан кейінгі кезеңдегі Жапонияның саяси және экономикалық қарқынды дамуы

 

Жапонияның 50 жж саяси өмірінің ереркшеліктері. 1949 жылдың шілде−тамыз айларында Жапонияда жапондықтарды үш инцидент қатты алаңдатты. Олардың барлығы темір жол мәселелеріне байланысты жапондықтардың әлеуметтік табының әркелкіленуіне байланысты болды. Біріншісі денесі теміржол желісінде табылған мемлекеттік Симояма темір жолының президентінің өлімі болды. Екіншісі Токио қаласының Митака станциясында жүргізушісі жоқ электрі пойыз адамдарға бағытталды. Және соңғысы Мацукава станциясына жақын жерде пойыз апаты болды. Барлық жағдайларда кінә профодақ белсенділері, коммунистерге тағылды. Есида тергеу жүргізбей жатып−ақ коммунистер қоғамдық тәртіпсіздік орнатып жатыр деген мәлімдеме жасады. Симояма президентінің өлімі ісі аяқталмай жабылып қалды. Митака станциясындағы келісілген бұзақылық деп аталған іс сот үкімімен қайтарылды. «Мацукава» ісі алғашында қозғалып, кейіннен кінәсіз деп жабылып тасталды. Осы аталғандардың барлығы компартия қызметіне үлкен зардап әкелді және халық алдында беделін түсірді. 1948 жылдың басында−ақ коммунистік партия ұлттық демократияландыру бағытын ұстанды және Жапонияның толықтай тәуелсізденуіне ұмтылды. Кейіннен 1950 жылы қаңтарда халықаралық коммунистік үнқағаз «Коминформда» антиамерикандық бағыт ұстанатын компартия мақаласы жарияланды. Мақалада екіжақты бейбіт келісімнің болуы, Жапонияның толықтай еркін ел болуы, сонымен қатар елден американдық әскерлердің шығарылуын талап ететін жағдайлар қарастырылды. Соның ішінде коммунистік партия жетекшілерінің бірі Носака Сандзоның «оккупация режимінде бола отырып Жапонияны социализм бағытына бет бұрғызу» деген мақаласы қатты сынға ұшырады. Осының әсерінен Жапонияда коммунистер туралы біршама кері ойлар қалыптасты. Коммунистер елде бұзақылықтарды және қате ойларды қалыптастыратын топ болып есептелді. 1950 жылдың маусымында коммунистік саяси қызметтен жиырма төрт саясаткер аластатылды. Біраз уақыт өткен соң «Акахата» деп аталатын коммунистік үнқағаздың он жеті қызметкері жұмыстарынан босатылды. Корей соғысы басталған соң Макартур штабы үнқағазды мүлдем жауып тастады. Шілде айынан бастап барлық мемлекеттік қызметтерден аластатылған коомунистердің жасырын, заңдастырылмаған қызметі басталды. «Қызылдарды тазарту» мақсатында Жапонияда шілде айынан қарашаға дейін он екі мың адам жұмыссыз қалды. Осындай әрекеттерден кейін 1951 жылы компартия басшылары Қытайға және Ресейге барып кеңестер алып қайтты. Сталинмен де кездесу болды. Дегенмен айтарлықтай іскери жоспар берілмеді. Бірақ жапондықтар Қытайдағы «халық соғысын» қолданғысы келді. Сонымен қатар бірнеше төңкерістер ұйымдастыру жоспарда болды. Бірақ мұның барлығы тек тек жоспар болып қала берді. Былайша айтқанда коммунистьік паритяның құлауына себеп болған оның саяси радикалды қызығушылықтарының халық қызығушылықтарымен сәйкес келмеуі және тым ультра−солшылдық партия беделінің ақырғы құлауына алып келді.

     Жалпы демократия ұғымы батыс елдері мен азиялық мемлекеттер үшін бірдей мағынаны білдірмейтінін ұмытпаған жөн. Жеке қарастырсақ, Жапонияда саяси дәстүрлер, этика−құқықтық ерекшелік және халықтың социомәдени қырлары  әсер еткен ерекше бір модель қалыптасты. Жапонияда демократияның дұрыс қызмет атқаруына барлық заңды негіздер мен институттар болғанымен, оның тарихын қарастырмау мүмкін емес. Жапония өзге азиялық мемлекеттер сияқты саяси құрылымды батыс елдерінен үлгі ретінде алғанымен, тәжірибе жүзінде олардың барлығы үлкен өзгерістерге ұшырады. Соғыстан жеңілген соң саяси және экономикалық саладағы дағдарыстар Жапонияда қайта реформалар жасауды талап етті. Негізгі роль оккупациялап отырған, батыс құндылықтарын үгіттей отырып жапондықтардың тарихи және рухани дамуына да назар аударған АҚШ үлесіне  тиді.  Ал жапондық халық АҚШ енгізген реформаларды сабырлы қарсы алды. Ол реформалар елдің саяси−құқықтық базасына айналды.

Реформалардың орындалуына, жеделдетілген модернизация мен демократизацияға АҚШ кепілдік беріп отырған саяси тұрақтылық қажет болды. Конституциямен кепілденген демократиялық принциптер экномикалық және қоғамдық өмірде белсенділікті арттырды және қабілеттердің көрінуіне мүмкіндік берді. Экономиканың дамуына әсер еткен халықаралық қатынастарды шешу ретінде Жапонияның соғыстан бас тартуы болды.

Осылайша Батыс Европа елдерінде социал−демократиялық үлгіде дамыған  демократия жетістіктері Жапонияның 50-ші жылдардағы саяси дамуының негізіне айналып, маңызды реформалардың нәтижесі болды.  саяи демократияландыруды іске асыру үшін билік басындағылар саяси күштің жұмысшылар, шаруалар, пацифистер, либералдар, социалистер, консерваторлар сияқты радикалды өзгерістерге дайын болған таптарын кеңінен қолданды. Барлық қызығушы жақтардың күшімен өкілдік және парламенттік жүйелер құрылды. Реформалар жүргізгені арқасында Жапония батыс елдерімен жақындасты. Барлық салада жаңашаландыру қарқынды жүрді.

     «Ёсида доктринасы». Жапонияның  50-ші жылдардағы өмірінің негізінде мағынасы экономикалық терминдермен анықталатын «Ёсида доктринасы» жатыр. Бұл дегеніміз Есида доктринасы АҚШ қоластында бола отырып, жапон экономикасын дамытуға бағытталған бағдарлама немесе экономикалық ұлттандыру саясаты. Вашингтон университетіндегі белгілі американ жапонтанушысы Кенет Пайлдың айтуынша, осы доктрина 1993 жылы осы мектептің соңғы түлегі ретінде Киити Миядзаваның пермьерлігінің аяқталғанына дейін қызмет атқарды. Доктринаның жалпы мағынасы бойынша қырғи қабақ соғыс жылдары Жапония бар жүкті АҚШ−қа артып қойып, АҚШ пен КСРО арасындағы «қос жүйеге» назар аудармай тек экономикалық реформалармен айналысты. Бұл үшін олар конституцияның тоғызыншы бабын пайдаланған еді.

Осындай көзқарас Жапонияның коммунизмге қарсы салымдарын жоққа шығарады. Жапония Кореядағы соғыста 13 млрд доллар табыс тапты, ал Вьетнамдағы соғыста азырақ, бірақ айтарлықтай. Соғысқа деген ұлес тек экономикалық емес саяси да мінезде болды. стратегиялық мақсаттар мен антикоммунизм байқалды. КСРО мен ҚХР−дағы ұстамдылық АҚШ−пен ортақ әскери потенциал болғандықтан болды.

Басқа сөзбен айтқанда, «Есида доктринасы» Жапония үшін экономикалық, саяси, әскери жақтардың барлығынан классикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп отырды. Соңғысы тек АҚШ тарапынан жүргізілетін қорғаныс қана емес, Жапонияның өзінің қарулы күштері, оны жапондықтар жай ғана қорғаныс күштері деп таап қойды, оған қоса елдегі американ қаруланған әскери күштер базасы. Осындай классикалық күйде «Есида доктринасы» жетпісінші жылдардың басына дейін белсенді болды.

Жетпісінші жылдардың басында Жапония сыртқы саясатына өзгертулер енгізген үш оқиға болды. Біріншіден, АҚШ−тың Вьетнамдағы жеңілуі; екіншіден, Жапония ІҰӨ жөнінен капиталистік елдер арасынан екінші орынға шықты; үшіншіден, кеңес американ қатынастарында түсініспеушіліктер басталды. Есида доктринасының қауіпсіздік тармағы ұлттық қызығушылықтардан тұратын классикалық доктринаға айналып кетті. Ол үш компоненттен тұрды: ішкі әлеуметтік, әскери және сыртқысаяси. Жапондық нұсқада олар былайша аталды: қоғамдық қауіпсіздік, ұлттық қауіпсіздік және Азиядағы бейбітшілік пен тұрақтылық.

Кеңестік жапонтанушы Д.В.Петров осы доктринаны доктрина деп санаса, өзге ғалымдар оны доктрина емес, ұлттық қызығушылықтардан туындап отырған стратегиялық мақсат деп қарастырған. Яғни, бұны доктринаның сыртқы саясат бөлігінің бір компоненті деп санауға болады. Бірақ кей жағдайда оның теоретикалық толықтығынан оны доктрина деп санайтындығы да осыдан. Ол жалпы үш бөліктен тұрады: әлемдегі нарықтық демократиялардың тұрақтылығына әрекеттесу; капитализм мен социализм арасында стратегиялық балансты қамтамасыз ету; Солтүстік пен Оңтүстік арасында, әсіресе Азияда, тұрақты экономикалық және саяси қатынастар орнату.

Шындығында, Азия үшін қосымша концепция құрастырылды. Ол «Фукуда доктринасы» деп аталды, 1976-1978 жылдардағы премьердің есімімен. Ол өзінің доктриналық сөздерінде былай деген: Жапония ешқашан әскери держава болмайды, Жапония АСЕАН мүшелерімен құрылымдық әскери емес қатынастар орнатады, Жапония АСЕАН мүшелері мен Үндіқытай елдері арасындағы әрекеттестікке ықпалшы болады. Осы арада Жапонияның барлық осындай жоспарларының ішінен Жапония бастысынан басқасына қол жеткізді деуге болады, яғни Жапония ақыры Ұлы саяси держава бола алмады.

«1955 ж саяси жүйесін» қалыптастыру. Саяси институттар мен саяси партиялар.  Оккупация аяқталаған соң Жапонияда саяси күштердің қайта құрылғаны белгілі. Саяси күштер басқарушы консерваторлар мен оппозиция қолында болды, соңғысы солшыл пиғылда еді. Олардың арасындағы қатынастар конфронтациялық мінезде болды. Консервативтік лагерь біршама әркелкі еді. Алайда консолидациялық тенденциялар айқын байқалды. Осында консервативтік қоғам екі лидер жанында шоғырланды. Олар Есида Сигэру мен Хатояма Итиро. Екі тұлға да сол кезде билікте болған Либералдық партиямен байланысты болды. Өз кезегінде Есида оны Хатоямадан мұрагерлік жолмен алған болатын. 1945 жылы оны Хатояма соғысқа дейінгі кезеңде болған Сэйюкай партиясының негізінде құрған. Келесі жылғы парламент сайлауында Либералды партия бірінші орын алды, бірақ американдықтардың оккупациялауынан бұл үрдіс созылып, тек уақыт мәселесі болып қалды.

Оппозиция арасында белсенділері Социалистік партия мен Коммунистік партиялар болды. социалистік партия екіге бөлінді. Оңшыл және солшыл бағытты ұстанған екі ағым уақыт өте келе екі жеке партияларға айналуды көздеді. Компартияда керісінше, қаталдау тәртіп болған соң бірлік ұзаққа дейін сақталды. Бірақ саяси көзқарастардың әркелкілігінен коммунистер арасында да түсініспеушіліктер байқалды. Кейіннен ол Коминформ сынына ұшырағаннан кейін партия бөлінуі басталды. Солшыл күште

 


Скачать