Қазақстандағы репрессия құрбандары


Қазақстандағы репрессия құрбандары

 

1988 жылдың күзінде «Казахстанская правда» газетіне «Қоғамтанушылар нені тани алмаған?» деген ғылыми мақала дайындалды. Ондағы мақсат ұлттық республиканың шыққан тегіне балта шапқан Қазақстандағы қаралы кезеңнің қасіретін орыс тілді оқырмандарға жеткізу еді. Бірақ мұнын орнына 1989 жылдың 14-17 қаңтары аралығында екі республикалық газеттің бетінде ресми түрде сірескен тақырып партия тарихшыларының үлкен мақалалары жарияланды. Онда Голощекиннің қасақана ұйымдастырған ашаршылығы кезінде құрбан болғандардың санын әдейі екі еседей азайтып көрсетті. Былайша айтқанда, бұл орталық партократия зұлымының қазақ халқының алдындағы кешірілмес күнәсін баяғы зымияндық әдетіне салып, екі еседен артық жеңілдетті деген сөз.

Мұндай үлкен ғылыми оғаштықты КОКП тарихшыларының демографиялық зерттеу әдісін білмегендігінен ғана болды деу шындыққа жанаспайды.

Кейінгі кезде ізденімпаз жас зерттеушілеріміздің (Ә. Ғалиев,                          Т. Омарбеков, М. Қойгелдиев, Қ. Атабаев) арқасында көптеген архив деректері табылды. Сөйтіп, біздің бұрынғы таза ғылыми демографиялық талдауларымыз расқа шықты. Мысалы, 1927 жылғы республикалық ЦУНХУ-дің болжамы бойынша 1932 жылы Қазақстандағы ауыл халқының саны ғана 4.2 млн адам болуға тиіс еді.

Ал 1933 жылдың ортасында жүргізген ресми санаққа қанша адам қосып жазуға тырысып бақса да, өлгендердің санын көзбояушы шенеуніктер қанша азайтқысы келмегенмен, ауылдық жерде тірі қалған адамдардың санын 1.5 млн-нан асыра алмады.

Жоғарыда жасалған қылмыстың кесірінен есепші-зерттеушісымақтарымыз құрбан болғандардың саны 1.1-1.2 млн адам деп анықтаманы төмендетіп берді. Өкінішке орай, олар осы деректердің өзін бастапқыда жасырып келді де, кейіннен «темір сандыққа» салып тастады. Қазақстанда ашаршылықтан 2.5 млн адам өлді деген дерек шындыққа жанаспайды. Өйткені, бұл деректер зұлматтың беті ашылып, қателік зардаптарын тез арада түзету керек деген ақ ниет жеңген кезде жиналды.

1926 жылғы халық санағынан кейін құрбан болған адамдарының санын 1937 жылға дейін қалпына келтіре алмаған қазақстандық төрт ұлт туралы мынадай ресми деректер келтіруге болады. Мысалы, 1926-1937 жылдар аралығында қазақтар – 3,627,6 мыңнан 2,181,5 мыңға дейін, украиндар – 860,2 мыңнан 549,6 мыңға дейін, ұйғырлар – 63,4 мыңнан 33,4 мыңға дейін, өзбектер – 129,4 мыңнан 110,0 мыңға дейін кеміп кетті. Олар  осы он жыл аралығында барлығы 1,816,2 мың адамын жоғалтқан екен.

Голощекиннің құрығынан құрбан болған жазықсыз жандардың бейнесін мәңгілікке есте тұту мүмкіндігі енді ғана туды.

 

ӘЛИХАН  НҰРМҰХАМЕДҰЛЫ  БӨКЕЙХАН

Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан Қарқаралы оязы, Әлтеке-Сырым болысы, Желтау баурайындағы Мырзатай қыстауында дүниеге келген. Қазіргі әкімшілік аймақтық бөлініс бойынша бұл елді-мекен Жезқазған облысы Ақтоғай ауданы , «Қаратал» совхозына қарайды. Оның нақты туған жылы туралы да жазба деректерде түрліше пайымдалып жүр. Кеңес үкіметі пәрменімен Әлихан Нұрмұхамедұлын «Халық жауы» деген нақақ айыппен тұтқындап, ату жазасына кесілген үкімнің шыққандығын айғақтайтын іс қағаздары арасындағы өмірбаяндық жеке құжатында ол 1866 жылы Семей облысының Қарқаралы оязындағы жетінші ауылында жарық дүниеге келгендігі баяндалған.

Қазақ халқының қоғамдық ой санасын биік белеске көтерген ірі қайраткерлердің туып, туған-өскен ортасы жайында да өкініштісі, әзірге ауыз тұмытарлық, мардымды ештеңе жазыла қойған жоқ.

1917 жылы Ақпан революциясы жеңіске жетіп, патша өкіметі құлатылғаннан кейін қазақтың зиялы қайраткерлері: Әлихан Бөкейханұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Мұстафа Шоқай,                                 М. Тынышбайұлы, Ж. Досмұхамедұлы, Х. Досмұхамедұлы 1917 жылы сәуірде облыстық қазақ съездерін ұйымдастырып, өткізеді. Облыстық және уездік қазақ комитеттері құрылды. «Жалпы қазақ съезі» өткізілсін деген қаулы қабылданады.

Бірінші жалпы қазақ съезі Орынбор қаласында 1917 жылы 21-26 шілдеде өткізілді. Съезде қаралған 14 мәселенің бірі – қазақтың саяси партиясын құру еді. Партияның аты – «Алаш» аталсын деп ұйғарылады. Партияның бағдарламасын жасау, қазақ автономиясын құру мәселесіне даярлық жоспары белгіленеді.

Осы съезде Әлихан Нұрмұхамедұлы көпшілік дауыспен «Алашордасының» басшысы болып сайланады. Бұл 6 миллион алаштың Әлиханды өзінің саяси көсемі ретінде танығандығының айқын дәлелі.

 

АХМЕТ  БАЙТҰРСЫНОВ

Оның тағдыр – қиын, бірақ кісі қызығарлық тағдыр. Ғұмыры ащы арманға толы, алайда адамға өнеге боларлық ғұмыр. Мақсат-мұратының  мазмұны, кей тұста қайшылықтарға соқтырды десек те, өте терең.

Біз онымен енді ғана таныса бастадық. Әлі танып болғанымыз жоқ Аса ірі халық қайраткері, ағартушы-ұстаз, ғұлама ғалым, көрнекті ақын, жалынды публицист, қазақ тілі білімі мен әдебиеттану ғылымының негізін салушы ірі түрколог, этнограф, ғажайып сыншы, композитор-музыкант және шебер орындаушы, ауыз әдебиеті ме мәдениет зерттеушісі, профессор екенін енді ғана біліп отырған жерлесіміздің күреске толы өмірі мен мұрасына там-тұмдап үңілген сайын оның қуатты тұлғасы зорайып, еңсесі биіктеп бара жатыр.

Жас қазақ үкіметінің мүшесі болған мемлекеттік қайраткер басына 1929 жылы-ақ бұлт үйірілгендей. Бұл Голощекиннің  қазақ жерінде білгенін істеп, бүлдіріп жатқан кезі еді.

1929 ж. қамауға алынған қазақ зиялыларының ішінде «рухани көсем» А. Байтұрсынов та бар. 1937 ж. 9 қазанда сталиндік репрессияның қанды пышағына ілігеді.

ТҰРАР  РЫСҚҰЛОВ

Адам ретінде де, қоғам және саяси қайраткер ретінде де ерте есейіп, есімі жиырма жастан асар-аспас кезінде жұрт аузына ілініп, халыққа танымал болды.

1984 ж. 26 желтоқсанда Жетісу облысы Верный уезіне қатысты Шығыс Талғар болысында дүниеге келген Тұрар шешеден де, әкеден де ерте айрылып, жетімдіктің ауыртпалығын көрді.

1916 ж. бастап жиырма жастан жаңа асқан Тұрар қоғамдық-саяси өмірге қызу араласып кетті, ол 1916 ж. ұлт-азаттық көтерілістің Әулиеата-Мерке ошағына идеялық тұрғыдан басшылық жасады.

Тұрар Рысқұлов бүкіл саналы өмірінде мемлекеттік және партиялық саясаттағы ұлы державалық шовинизмнің көріністеріне батыл күрес жүргізді, ол жергілікті ұлтшылдық көп жағдайда ұлы державалық шовинизмге жауап ретінде бой көрсететіндігін дәлелдеумен болды.Ол өзінің осы мәселелер төңірегіндегі ойларын РКП(б) – ның XII съезіндегі сөзінде әсіресе 1923 ж. 9-12 маусымда РКП(б) Орталық Комитетінде өткен ұлт республикалары жауапты қызметкерлерінің IV мәжілісінде ешбір бүкпесіз айтқан болатын. Бұл мәселеде партия мен мемлекеттегі билікті сол кезде өз қолына шоғырландыра бастаған И. Сталинге қарсы келе беретін. Екеуінің арасындағы алғашқы ашық қақтығыс жоғарыда айтылғандай ұлт республикалары қызметкерлерінің IV мәжілісінде орын алды. Осы мәжілісте Сталин Тұрарды «татар ұлтшылы» Сұлтанғалиевпен пікірлессің, өзің де Сұлтанғалиев сияқты партия жолынан ауытқып жүрсің деп айыптағанда, ол олардан үзілді-кесілді бас тартып,  «... Сталин жолдастың мәлімдемесі дұрыс емес. Сталин қателесіп отыр», – деп батылдықпен тура жауап береді.

Ол Сталиндік-Голощекиндік «Кіші Қазан» бағытын жүзеге асыру нәтижесінде жаппай ашаршылыққа ұшыраған өз халқына ара түсіп шырылдады. Сталинге хаттар жазды. «Ұлы көсеммен» сөзге келіп, айтысқа түсті, оның диктаторлық ел билеу тәртібіне қарсы шықты. Нәтижесінде 1937-1938 жылдары бүкіл ел көлемінде орын алған үлкен террордың құрбаны болып кете барды.

 

МАҒЖАН   ЖҰМАБАЕВ

 М. Жұмабаев 1893 жылы 25 маусымда Ақмола уезінің Полудень болысы Булаев ауданында дүниеге келді.

Ақынның адам ретінде, азамат ретінде қалыптасуына ардагер Міржақып Дулатов ықпал жасады. Ол Мағжанды әлем мәдениетінің озық үлгілерімен сусындатып, ақындық әлемінің сиқырлы есігін ашты.

1913 жылы ақын Омбы қаласына келіп, оқытушылар семинариясына түседі.

Мағжан – табиғат жаршысы, махаббат жыршысы. Оның бұл тақырыптардағы өлеңдерінің де негізгі тақырыбы тәуелсіздік.

Ел тәуелсіздігінің жыршысы Мағжан ақынның өзі де 1937 жылы 30 желтоқсанда өз тәуелсіздігінен айрылып, қызыл қырғынның құрбандығына айналды.

Ел болып алыптарымызды жаңа танып жатқанымызбен Байтұрсынов, Аймауытов, Дулатов, Жұмабаев десе ішкен асын жерге қоятын көнекөз қариялардың бары – «шіркін-ақ, талай сұңғыла кеуде сырын ашпай кетті-ау» деген өкініш отын қоса тұтатады екен.

Мағжан ресми түрде 1960 жылы ақталса да, шығармалары халыққа жете қоймаған тұста сол кезде Орталық партия комитетінің хатшысы болған, көрнекті мәдениет қайраткері Ілияс Омаров: «Мағжан – қазақ поэзиясының жарық күні. Күн нұр шашса, кейбір «әдебиеттің жұлдызы боламыз» деп жүргендер сөніп қалады. Осы бір кертартпалардың қырсығынан күніміз әлі күнге дейін нұрын шаша алмай келеді», – депті. Жалпы Мағжантану ісі енді-енді қолға алынып жатыр. Мағжан екінші рет ақталып, Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің қаулысы шыққаннан кейін біршама дүние жарық көрді. Ақын шығармалары «Жазушы», «Жалын», «Балауса», «Ана тілі» баспалардан оқушыға тартты.

ЖҮСІПБЕК  АЙМАУЫТОВ

Жүсіпбек Аймауытов қазақ әдебиетіндегі аса ірі тұлғалардың бір 



Скачать