Педагогикалық риторика


Педагогикалық риторика

 

Сабақты өткізу формасы: ойын

Сабақтың мақсаты: Студенттерге педагогикалық риторика туралы терең түсінік беру.

Қаралатын сұрақтар:

  1. Қарым–қатынастың жалпы заңдылықтары.
  2. Тіл ұстарту. Әртүрлі стилде қарым-қатынас жасау.
  3. Тіл ұстартудың техникалық сипаттамасы.

Әдістемелік нұсқау:

Педагогтық әдеп оқуда да тәрбиеде де өте қажет. Моральдық сенім, ынта,ықылас, талғамды қалыптастыру үшін амал біреу: оқушылары мұғалімдерін шексіз сүйіп, құрмет тұтулары керек. Педагогтық істің шебері оқушылардың түсінігін, тәжірибесін біліммен байытып, моральдық сапасын қалыптастыруға, программалық материалдың жақсы мұғалімі болып қана қоймай, оқушылардың тәрбиешісі де болуы тиіс.

Сабақта студенттер тақырып бойынша алдын-ала дайындалған мұғалімдерге арналған психотехникалық жаттығуларды басшылыққа ала отырып, пікірталасқа түседі. Пікірталас барысында негізгі қаралатын сұрақтардың барлығын толығымен қамтуға тырысулары қажет. Сабақ соңында қорытынды жасалып, белсенділік танытқан студенттер жұмысы бағаланады.

Әдебиеттер:

  1. Кузнецов И.Н. Настольная книга практикующего педагога. Москва, 2008 ж.
  2. Основы педагогического мастерства. Под ред.И.А. Зязюна — Москва, 1989г.
  3. Щуркова Н.Е. Практикум по педагогической технологии — Москва, 2001ж.
  4. Самоукина Н.В. Психологический тренинг для учителя. Москва, 2006ж.
 


Скачать