Қазақстан Республикасы, топырағы, өсімдіктері, жануарлары
| Қазақстанда өзге елдерде кездесетiн топырақ түрлерiнiң түгелдей дерлiгi тараған. Мұнда тайга, тундра топырағына дейiн бар, тек ылғалды субтропик белдемiне тән топырақ қана жоқ. Солтүстік Қазақстандағы Батыс Сiбiр ойпатынан оңт-тегi Алатау өңiрлерiне дейiнгi аралық 1500 — 1600 км, Батыстағы Атырау алқабынан Алтай тауларына дейiнгi 3000 км-ге жуық өңiрлердi әр түрлi топырақтар жамылғысы басқан. Бұл топырақ жамылғысының әр аймақтарда түзiлiп, орналасуы геогр. белдемдiлiк заңына байланысты. Мыс., Қазақстанның 86% жерiн алып жатқан жазық алқаптарында климаттың, топырақтың солт-тен оңт-ке қарай өзгеруi көлденең белдемдiк заңына сәйкес өзгерсе, Қазақстанның 14% жерiн алып жатқан оңт., оңт.-шығыс таулы алқаптарында — тiк белдемдiк (биiктiк белдеулiк) заңына сәйкес болады. Жазық алқап топырағы. Ауд. 235 млн. га. Қазақстанның жазық аймақтарында солт-тен оңт-ке қарай мынадай топырақ белдемдерi кездеседi: 
 Жер бетi жазық, топырағы құнарлы, негiзiнен астық дақылдары егiлiп, еттi-сүттi мал өсiрiледi; оңтүстiктiк қара топырақты белдем аралығы — кәдiмгi қара топырақты белдем аралығының оңт-н бойлап батыстан шығысқа созылып жатыр, енi 50 — 125 км-дей, аум. 13,9 млн. га. Жер бетi жазық, топырағы құнарлы. Бұл негiзiнен ылғалы жеткiлiктi, дәндi дақылдар егуге қолайлы жерлер. Құрғақшылық әрбiр 7 — 9 жылда бiр-екi рет қайталанады. Скачать |