| 
 Органикалық қосылыстар  	Қосылыстардың органикалық және бейорганикалық болып бөліну критерииі ретінде олардың элементтік құрамы алынады.   	Органикалық қосылыстарға құрамында көміртегісі бар химиялық заттар жатады.   	Органикалық  қосылыстар бейорганикалық қосылыстардан бірнеше ерекшеліктермен айырылады:   	  		көбінде барлық органикалық қосылыстар жанады немесе тотықтырғыштармен қыздырғанда СО2 бөліп, оңай ыдырайды (бұл белгіге қарап зерттелетін заттың органикалық қосылысқа жататындығын анықтауға болады);  		органикаық қосылыстардың молекулаларында көміртегі Периодтық жүйедегі кез келген элементпен байланыса алады;  		органикалық молекулаларда тізбекпен жалғанған көміртегі атомдарының тәртібі  сақталады (ашық немесе тұйық);  		көптеген органикалық қосылыстардың молекулалары тұрақты иондарға диссоцияланбайды;  		органикалық қосылыстардың реакциялары өте баяу жүреді және де көбінесе аяғына дейін жүрмейді;  		органикалық қосылыстардың ішінде изомерия құбылысы кеңінен тараған;  		органикалық заттардың фазалық ауысуы өте төмен температурада жүреді  (т.қайн., т.балқ.). 
 
 Скачать
 |