Жиынтық қоғамдық өнім және өзара байланысқан көрсеткіштер жүйесі
| Жиынтық қоғамдық өнім және өзара байланысқан көрсеткіштер жүйесі
 Қоғамдық өндіріс нәтижесінің жалпылама көрсеткішіне жиынтық (жалпы) қоғамдық өнімді жатқызамыз, себебі ол қоғамдық өндірістің бір жылда құрылған материалдық игілігінің (өндіріс құрал — жабдығы мен тұтыну заттары) жиынтығын бейнелейді. Жиынтық қоғамдық өнім (ЖҚӨ) екі түрде өндіріледі: натуралды — заттай және құндылық. ЖҚӨ натуралды — заттай түрінде өндіріс құрал — жабдықтары мен тұтыну заттарынан тұрады. Осы тұрғыдан барлық қоғамдық өндіріс екіге бөлшектенеді: өндіріс құрал — жабдықтар өндірісі (1-ші бөлімше) және тұтыну заттары өндірісі (2-ші бөлімше). ЖҚӨ құрылымы құн тұрғысынан тұтынылған өндіріс құрал — жабдығы құнына бөлінеді: (С) шикізат, материалдар және машина,ірі жабдықтар, зәулім үйлерге енгізілген құнның бір бөлшегі және жаңадан құрылған құн немесе ұлттық табыс (V+M). Ұлттық табыс өз кезегінде қажетті өнімге (V) – (жұмыс күшіне шығындар) және қосымша өнімге (М), — (қажетті өнімнен артық өндірілген) бөлшектенеді. Жиынтық қоғамдық өнімнің (ЖҚО) құн формуласы: W=c+ v+ m Мұндағы W – жиынтық қоғамдық өнім немесе қоғамдық жиынтық өнім. с — өндіріс құрал — жабдығы өндірісіндегі тұтынылған құн. v – қажетті өнім. m – қосымша өнім. Осы экономикалық көрсеткіш қоғамдық өндірістің нәтижесін көтеріңкіреп көрсетеді, себебі кейбір технологиялық процестерде шикізат пен материалға шығындар қайталанады немесе қосарлы есеп — шот жүргізуге болады. 
 Қоғамдық өндірістің нәтижесін дәлірек анықтауда басқа көрсеткіш — түпкі өнім қолданылады және ол қайталану есеп — шотын жүзеге асырмайды. Түпкі өнім мөлшері төмендегідей формуламен анықталады: 
 Кпр= c1+ v+ m Мұндағы: с1 — машина, жабдық ірі үйлер, алып құрылыстар (амортизация), 
 v + m- жаңа құрылған құн, таза өнім немесе табыс. Түпкі қоғамдық өнім жиынтық қоғамдық өнімнен шикізат пен материал айналымын алып тастау жолымен құрылды, яғни олардың қайталану есеп — шотын болдырмайды. Қоғамның экономикалық дамуының ең маңызы — жиынтық көрсеткішке ұлттық табыс жатады. Ол барлық өндіріс факторлары игерген табысының қосындысын (рента, жалақы, капиталға пайыз (%), меншіктен табыс, корпорация пайдасы) құрайды. Шетелдік тәжірибеде ұлттық табыс таза ұлттық өнім (ТҰӨ) мен бизнеске деген жанама салық айырмасы ретінде анықталады: 
 ҰТ=ТҰӨ — жанама салықтар 
 Дәстүрлі тәсіл бойынша, ұлттық табысты жиынтық қоғамдық өнімнің бір бөлігі ретінде өндіріс процесінде тұтынылған материалдық ресурстары қайтаруды шегеру арқылы анықтаймыз. ҰТ=ЖҚӨ — МШмұндағы: ҰТ – ұлттық табыс, ЖҚӨ — жиынтық қоғамдық өнім, МШ – материалдық шығындар. Өзінің қозғалысында ұлттық табыс төрт сатыдан өтеді: өндіріс, бөлу, айырбас және қолдану (тұтыну мен қорлану). Өндіріс сатысында ұлттық табыс барлық салада құрылатын таза өнім түрінде болады; бөлу сатысында (және қайта бөлу немесе үлестіру) — әртүрлі бірінші және екінші табыс түрінде болады; айырбас сатысында – тауардың өндіріс құрал — жабдығы мен тұтыныс заттары түрінің жиынтығын құрайды; қолдану сатысында – қорлану мен резерв түрінде болып келеді. Қолданудың түпкілікті фазасында ұлттық табыс екі қордан тұрады: а) тұтыну қоры; ә) қорлану қоры.Ұлттық табыс мөлшері тұрғындардың тұтыну деңгейі мен өсуі, сондай — ақ өндіріс аумағы мен оның өсу қарқынына байланысты. Ұлттық табыс жиынтық қоғамдық өнімнің шамамен 50%-ын құрайды. Ұлттық табыс қоғамның түпкілікті өнімінен амортизация сомасына кем, шамамен 8-10% болады. Егер ұлттық табыс көлемін елдегі тұрғындар санына бөлсек, онда өте маңызды экономикалық көрсеткішті табамыз: тұрғындар өмір деңгейінің айнасы – жан басына шаққандағы ұлттық табыс. 
 Кейбір дамыған елдердегі басына шаққандағы ЖІӨ көлемі Скачать |