Екіншілік иммун жетіспеушілік


Иммун жетіспеушілік деп туа немесе жүре пайда болған иммунды жауаптың бұзылысын және түрлі инфекцияларға, ісікті ауруларға ағзанық қарсы тұру қабілеттілігінің төмендеуін айтамыз.

Екіншілік иммун жетіспеушілік ағзаға түрлі сыртқы орта факторларының әсерінен иммунитеттің төмендеуі. Екіншілік иммун жетіспеушіліктер жедел және созылмалы болады.
Жедел екіншілік иммун жетісепушілік инфекциялық ауру, ауыр травма, стресс әсерінен болады. Ал созылмалы созылмалы қабыну аурулары, аутоиммунды ауру, ісікті аурулар, зат алмасу бұзылыстары (қант диабеті) және тағы басқа әсерінен болады.

Иммунды жетіспеушілік келесі факторларға байланысты болады:
- Вирусты инфекциялар (грипп, эпидемиялық паратит, желшешек, жедел және созылмалы гепатиттер, ЖИТС, т.б.);
- Бактериалды инфекция (стафилококк, стрептококк, менингококк, туберкулез т.б.);
- Құртты және протозойлы аурулар (лейшманиоз, малярия, трихинеллез, т.б.);
- Қатерлі ісіктер;
- Созылмалы инфекциялық және инфекциялық емес аурулар;
- Зат алмасу бұзылыстыры;
- Иммунодепресивті әсері бар препараттардың, химиопрепараттардыңәсері (цитостатиктер, стероидті гармондар, антибиотиктер, нитрофурандар және т.б.);
- Иондаушы сәуле және иммунотоксиндердің әсері (соның ішінде ксенобиотиктер);
- Ұзақ стресс әсері және қажу;
- Эндокринді бұзылыстар;
- Травма, операция, күйік және т.б.;
- Жас (балаларда иммун жүйесі жетілмеген, қарт адамдарда клеткалық иммунды реакцияның әлсіреуі, антиденелер белсенділігі төмендеу және т.б.).
Жоғарыда аталған факторлардың жалпы сипаты ол ағзаның барлық жүйелеріне, соның ішінде иммун жүйесіне теріс әсер етеді.




Скачать