Белгісіз өліктің кім екенін анықтау


Белгісіз адамның өлігі, бөлшектеп тасталған немесе қаңқасы қалған өлік табылған жағдайда оның кімнің мәйіті екенін анықтау қажет болады. Белгісіз адамның кім екенін анықтау сыртқы белгілері, саусақ таңбалары, сүйек қалдықтары, рентгенограммалар, фотосуреттер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.

Адамды сыртқы белгілері бойынша анықтау. Өліктің кім екенін анықтау үшін әр түрлі сыртқы белгілер: анатомиялық, функционалдық белгілер мен киім-кешектің ерекшеліктері пайдаланылады.

Анатомиялық белгілер адам денесінің сыртқы құрылысын білдіреді, ал функционалдық белгілер адамның жеке басының қозғаушы, сөйлеу қасиеттері мен басқа да көріністері болып табылады. Киім Кешектің, әсемдік заттардың ерекшеліктері оншама тұрақты болмайды. Кейде әр түрлі топтарға жататын белгілер өзара байланысты болады, мұның өзі ұқсастыру процесін жеңілдете түседі. Мысалы, анатомиялық белгі — аяқтың қысқаруы функционалдық белгінің көрінісіне — жүргенде адамның ақсауына әкеп соғады, бұл өз кезегінде адамда ортопедиялық аяқ киімнің болуын қажет етеді. Сыртқы белгілері бойынша адамды анықтау екі немесе бірнеше адамның — анықталатын және белгілі адамдардың келбетін салыстыру болып табылады. Адамның сыртқы белгілерін оны тікелей бақылау, не оның бейнелері, негізінен, фотосуреттері бойынша зерттеуге болады. Адам мен оның фотосуреті, сипаттамасы немесе суреті (салынған портрет); сипаттамасы мен салынған портреті; фотосуреті мен сипаттамасы салыстырылуы мүмкін.

Сыртқы белгілеріне қарап адамды анықтау сараптамашылық портреттік ұқсастыру кезінде, сондай-ақ танылмаған өліктерді анықтау кезінде жүргізіледі. Адамның сыртқы келбетінің жекелігі, яғни анатомиялық ерекшеліктері бірқатар белгілері бойынша анықталады. Олар салыстырмалы түрде тұрақты болады, сондықтан олар жасына қарай және өлгеннен кейінгі өзгерістері, операциялардан, аурулардан, т.б. болған патологиялық өзгерістері ескеріле отырып бағаланады.

Адамның сыртқы белгілері жалпы және өзіндік топтық немесе жеке мәні бар белгілер, сондай-ақ ерекше және айқын белгілер болуы мүмкін.




Скачать