Ұрықтық – жатырлық – плаценталық қан айналымының допплерометриялық зерттеуі


Ұрықтық – жатырлық – плаценталық қан айналымының допплерометриялық зерттеуі.

Допплер эффектісі зерттелініп отырған қан ағысының жылдамдығына дыбыс толқынының жиілігі өзгеріп отыруына негізделген. Шағылысқан сигнал жиілігінің өзгерісі қан ағысы жылдамдығының қисығы түрінде тіркеледі. 
Жүктіліктің әртүрлі асқынулары кезінде ұрықтың жалпы жағдайы мен дамуы кезіндегі бұзылыстардың пайда болуының негізгі патогенетикалық механизмі, «ана – плацента - ұрық» функциональды жүйесіндегі гемодинамикалық өзгерістер өзгерістер болып табылады. Бұл кезде көпшілік зерттеулер көрсеткеніндей гемодинамикалық бұзылыстар ұрықтың жалпы жағдайына және этиопатагенетикалық факторға қарамстан, универсальділікпен және өзгерістердің біртиптілігімен сипатталады. 
Қалыпты қан ағысы жағдайы қисығының көрсеткіштерінің өзгеруі – бұл ұрықтың көптеген патология лық жағдайының спецификалық емес көріністері, басымырақ ол жүктіліктің негізгі патологиялық жағдайларына – ұрық дамуының артта қалу синдромы, ұрық гипоксиясы, гистоз және т.б. қатысты. Жүктіліктің 18 – 19 аптасынан бастап 25 – 26 аптасына дейін Допплерометрия зерттеу әдісі қолданылады, себебі ұрықтың биофизикалық профилі 26 аптадан бастап мәлімет берсе, ал кардиотопография бұл кезде әлі мәлімет бермейді. 
Допплерометрия әдісі ана – плацента – ұрық қан тамырларындағы қан ағымы жылдамдығының қисығын зазыпалады, қан тамырларындағы кедергіні есептеп шығарады, алынған нәтижелерді талдайды. 




Скачать