Ми ішілік отогенді асқынулар


ОРТАҢҒЫ ҚҰЛАҚТЫҢ ЖЕДЕЛ СОЗЫЛМАЛЫ ІРІҢДІ ТАРАУЛАРЫНАН БОЛАТЫН МИДЫҢ АСҚЫНУЛАРЫ.

Жедел және созылмалы ортаңғыы құлақтың іріңді таралулары құлақтың есту кабілетін төмендетуіне немесе естімей қалуына әкеліп қоймай, кейде бұл адамның өміріне қауып туғызатын бас суйек ішілік асқынуларға әкеліп соғады. Бұған ми кабаттарының қабынуы, венозды қуыстардың (синустың) және мидың өзіндегі іріңді процестердің пайда болуы жатады.
Ортаңғы құлақ қуысынан инфекция бас суйек ішінe әргүрлі жолдар арқылы өтеді: 
1. Қабырғалық жол ~ дабыл қуысының жоғарғы және темегі қабырғалары арқылы көбінесе созылмалы ipiңдi отиттің салдарынан холестеатоманың пайда болып, сүйекті шірітудің әсерінен болады. 
2. Қан тамырлары аркылы бас сүйек ішілік асқынулар көбінесе ортаңғы құлақтың іріңді қабынуы кезінде байқалады. Бұл кезде бас сүйек шұңқырына инфекция ортаңғы құлақ пен мидың қатты қабығы арасын байланыстырып жататын тамырдың зақымдануынан болады, немесе еміздік тәрізді сүйектің қан тамырлары арқылы өтеді. 
3. Лабиринтогенді жол. Бұл кезде инфекция бас қуысына кipe6epic су жолы арқылы, немесе iшкі есту жолымен есту нерв венасы арқылы өтеді. Kө6iнece мишықтың зақымдалуы байқалады. 
4. Инфекцияның ең аз таралатын жолы сүйектің бітпеген саңылаулары арқылы дабыл қуысының жоғарғы және теменгі қабырғаларынан өтyi балаларда жиі кездеседі.
Сыртқы пахименингит. Бұл мидың катты кабығының сырткы бетнің қабынуы. Егер іріңді процесс болса. онда қабық сүйектен бөлініп, экстрадуральды абсцесс болады. Егер іріңді процесс сигма гәрізді көк тамыр қуысының жанында болса, онда перисинуозды абсцесс деп аталады. Экстрадуральды абсцесте көбінесе ортаңғы бас сүйектң ішкі 6eтi ашылады. Мидың катты іріңмен тітіркенуінен алғашқыда кызарып, қалыңдайды. кейн жаңадан пайда болған тканьмен (грануляциямен) жабылады, ауру барысы көбіне белгісіз өтеді Дегенмен, ортаңғы құлақтың iріңді қабынуы кезінде ауру құлақ жағынан бастың катты солқылдап ауруы, құлақтан іріңнің кебеюі, кейде дене кызуының жоғарылауынан ipiңнің ми кабаттарының сыртына өткенін жорамалдауға болады. Кейде ми кабаттарының сыртында жататын іріңдік тек құлаққа жасалған операция кезінде анықталады.
Ішкі пахименингит — субдуральды абсцесс. Бұл кезде ipiң ми кабаттарының астына жиналады. Ол кебінесе экстадуральды абсцестін ми кабаттарының астына етуінен немесе қан тамырлары арқылы дамиды. Субдуральды абсцесс көпке дейін білінбеуі мумкшін, тек қосымша асқынулар қосылса білінеді Бастапқыда кебінесе аурулардың бірнеше белгілері болады. 




Скачать