Қызылорда облысындағы өндіріс орындары және олардың экологиялық проблемалары. Мұнай өндірісі.


ЖОСПАР

1. Қызылорда облысындағы мұнай өндіріс орындары
2. Мұнай өндірісінің экологияға тигізетін зияны.
3. Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1.Қызылорда облысындағы мұнай өндіріс орындары
Облыс жерінде мұнайгаз барлауы соғыстан кейінгі жылдары жүрді. 1955 жылдары Сырдарияның төменгі ағысы Жосалы төбесі мен Төретам аралықтарында 100м тепеңдіктер бұрғылау жұмыстары жүргізілді. Көлемді сейсмологиялық барлау жұмыстары 1967 жылы басталды, соның негізінде шығыс Арал өңірі келешегі зор екендігін көрсетті. Мұнай мен газдың пайда болуы мен сақталуына Юра мен төменгі бордың құмшауыт қабаты қолайлы жағдай жасайды.
Облыстағы экономикалық жағынан басымы – мұнай. Бүгінгі таңда облыс жерінде Құмкөл, Арысқұм, Майбұлақ, Қызылой, Ақсай- Нұралы, Ақшабұлақ, Бектас т.б. кен орындары ашылды. Солтүстік Арал бассейіні (құланды, Қаратуп, Көкарал) Арал- Шалқар темір жолына дейінгі аралықты алып жатыр. 1988 жылы ҚазССР ғылым Академиясының геологич институтының мамандарымен Құланды- Жылан Тасарық зонасының геологиялық құрылысы мен Арысқұм мұнайгаз бассейінінің ұқсастығы анықталған. Барлау кқрсеткендей «Құмкөл» мұнайының барлық қоры 155 млн тонна, ал алынатыны- 90 млн тонна, Арысқұм бассейінде Құмкөлден басқа, барланған кендердің қоры 200 млн тонна. Ал солтүстік Арал бассейіндегі Түнгүріксор кенінің қоры 100-1500 млн тонна деп есептеледі.
Қазіргі таңда бұл өңірде шетелдік инвесторларды тартып, көптеген «мұнай- газ» өндіру фирмалары жұмыс істеуде. Олар бір жағынан жергілікті халықты да жұмыспен қамтуда біршама роль атқаруда.

Облыстың отын- энергетика кешені отын өнеркәсібі мен электр энергетикасын біріктіреді. Бұл екі ұғым бір сөзбен энергетика деп аталады. Энергетика бүкіл халық шаруашылығының басты, негізгі сапасы. Өйткені қазіргі атом, компьютер заманында халық шаруашылығының ешқандай саласы электр энергиясынсыз өз деңгейінде дамуы емес. 
Облысымыз Республикасыздағы энергетиканың маңызды шикізаттық түрлерін өндіруден Батыс Қазақстан мен Орталық Қазақстан облысынан кейінг үшінші орында.
Облыс отын- энергетикасы Республикамыздың энергетика базасының маңызды бөлігі болып отыр. Мұнай мен газ отынның қатты түрін пайдалануды азайтудағы бірден бір көз.
Соғысқа дейінгі жылдары облысымыз сыртқа қатты отын дайындайтын орталықтардың бірі болған. Бәйгеқұм станциясында үлкен «Өзтопторг» мекемсі жұмыс істеді. Ол Өзбекстанға сексеуіл отының дайындап, вагон- вагон отын жіберіп отырды.

Внимание! Работа платная! Всего 10 страниц. Для оплаты пройдите по ссылке ниже. 




Скачать