Айыппұл


 

Салық тексеруі - Қазақстан Республикасы салық заңдамасының орындалуын салық қызметі органдары жүзеге асыратын тексеру түрі.

Салық төлеушілер қызметін мемлекеттік бақылауда негізгі әдісі болып салық тексерісі табылады. Ұйғарымда көрсетілген салық қызметі органдарының лауазымды адамдары, осы Кодекске сәйкес тексеруді жүргізуге тартылатын өзге де адамдар мен салық төлеуші салық тексерулеріне қатысушылар болып табылады.

 Салық төлеушілері салық тексерісінен өтеді, өйткені осы бақылаудың түрі мемлекет  тарапынан жүзеге асырылады.

Салық қызметі органдары салық кезеңі өткеннен кейін 5 жыл ішіндегі есептелінген салық сомаларын қарауға немесе есептеуге құқылы, ол салық кодексінде айқын көрсетілген. Сонымен, салық төлеуілер қызметінің 5 күнтізбелік жылдан көп емес кезеңді тексере алады.

Салық қызметі органдары салық тексерістері кезінде келесі жағдайларды ұстану керек:

- тексерістің мерзімділігін;

- тексеру мерзідігін;

- нұсқаманы (предписания) белгіленген нысанда толтыру;

- нұсқамада көрсетілген тексерудің мерзімін бұзбау;

- салық тексеру актісін беру;

- айыппұлдар, салық және басқа да міндетті төлемдер сомасын есептеу туралы хабарламаларды беру;

- салық заңдамасындағы бұзушылықтарды жою хабарлдамасын беру.

Айыппұл – бұл мерзімі өткен салық міндеттемесінің сомасына есептелген (уақытында төленбеген салық, алым, төлемақы, мемлекеттік баж, кедендік баж сомалары) мөлшер табылады.

Айыппұл салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер төлеу мерзімі күнінен кейінгі күннен бастап, өткен әр бір күн үшін ҚР Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландыру ресми ставкасының 2,5 еселенген мөлшерінде бюджетке төлеген күнді қоса алғанда, мерзімі өткен әрбір күн үшін есептеледі.

Алға қойылған мәселелер бойынша маман қорытынды жасайды, ол салықтық тексеру әдісіне қоса беріледі.

Салық тексеруін жүргізу, Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, салық төлеушінің қызметін тоқтатпауға тиіс. Салық органы заңды тұлғаның өзіне салық тексеруінің жүргізілуіне қарамастан заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерін тексеруге құқылы.

Курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады. Жұмыстың бірінші бөлімінде салық берешегін тексерудің экономикалық мәні, онда салық берешегін тексеруінің экономикалық мәні мен түрлері, салық берешегін камералдық бақылау ерекшеліктері, рейдтік тексерісті жүргізуді ұйымдастыру, салық берешегін хрономераждық зерттеу ерекшеліктері, салық берешегін құжаттық тексерісті жүргізуді ұйымдастыру ерекшеліктері, ал екінші бөлімінде салық берешегі бойынша айыппұлдар  және оларды есептеу және рәсімдеуде: мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттемелерін қамтамасыз ету  тәртібі, айыппұлдарды есептеу тәрібі мен салық берешегін тексеру нәтижесін рәсімдеуді қарастырып, үшінші бөлімінде салық берешегін тексеру мен өндіріп алуды жетілдіру жолдары қарастырылған. 




Скачать