Биржалық мәмілелер


Биржалық мәміле – биржа сауда-саттығы барысында биржа тауарына қатысты биржа сауда-саттығына қатысушылар жасаған, биржа тіркеген шарт (келісім) болып табылады. Биржалық мәмілені тіркеу және рәсімдеу тәртібін биржа белгілейді. Биржада жасалған, бірақ жоғарыда көрсетілген талаптарға сай келмейтін мәмілелер биржалық болып саналмайды.
     Биржаның осы биржада биржалық емес мәмілелер жасаған биржалық сауда-саттыққа қатысушыларға айыпақы қолдануға құқы бар.
     Биржалық сауда-саттық Ережелерінде белгіленген тәртіппен тіркелген сәттен бастап, биржалық мәміле жасалған болып саналады. Көптеген биржаларда Үлгі шарттар әзірленген, сондықтан биржалар қабыдайтын биржа сауда-саттығының Ережелерінде барлық құжаттарды рәсімдеу кезінде Үлгі шарттардың мазмұның есепке алуға кеңес берілерді.
     Тауардың атауын, санын, бағасын, тауардың жатқан жерін және орындау мерзімін есепке алмағанда, биржа мәмілесінің мазмұны коммерциялық құпия болып саналады және жария етуге жатпайды. Тауарды беру мерзімдері биржалық  сауда-саттық Ережелерінде емес, биржалық мәмілелерде көрсетіледі.
     Биржалық мәмілелер әрқандай түрлерде болуы мүмкін. Сөйтіп биржалық сауда-саттыққа қатысушылар төмендегіерге байланысты мәмілелер жасай алады:
-    нақты тауарға қатысты құқықтар мен міндеттерді өзара бір-біріне беруге;
-    беру мерзімі өтіп кеткен нақты тауарға қатысты нақты құқықтар мен міндеттерді өзара бір-бірімен беруге (форвардтық мәмілелер) ;
-    биржалық тауарды берудің стандарттық  шарттарына қатысты құқықтар мен міндеттерді өзара бір-біріне беруге (фьючерстік мәмілелер) ;
-    биржалық тауарды берудің стандарттық шарттарына қатысты құқықтар мен міндеттерді болашақта беру үшін құқықтарынан шегіну (опциондық мәмілелер);
-    биржалық тауарға, шарттарға немесе құқықтарға байланысты биржалық сауда-саттық ережелерінде белгіленген басқа да мәмілелер.
   Егер барлық биржалық мәмілелерді топтастырса, онда негізгі екі топты бөліп шығаруға болады.
   Нақты тауарға жасалатын мәмілелер (немесе кассалық мәмілелер немесе қолма-қол ақшаға мәмілелер) – биржада айналысқа түскен тауарларды, бағалы қағаздарды немесе шетел валютасын шын мәнінде сатып алу мақсатында жасалады. Өз кезегінде, нақты тауарға жасалатын мәмілелер кэш-мәмілелерге (немесе «спот» мәмілелері) және форвардтық мәмілелерге бөлінеді.
   «Спот» мәмілелері – бұл дереу немесе жақын арада орындалатын қолма-қол ақша қаражатына жасалған мәміле. «Спот» мәмілесі дереу биржа жабылған бойда, «ертеніңде», яғни биржалық жақын күнде (бірнеше күннен кейін) орындалуы мүмкін.
  Форвардтық мәмілелер – тараптардың беру туралы келіскен және шартта белгілеген болашақта беру және емеп айырысу мерзімінің талаптары бойынша ұйым-сатушының ұйым-сатып алушы меншігіне берген тауарына жасалатын мәміле.
  Нақты тауарсыз жасалатын мәмілелер – бұл мәмілені орындау үшін биржалық тауарды кейіннен беруге болжам жасамайтын мәмілелер (мұндай мәмілелерді басқаша жедел биржалық мәміле деп атайды). Әдетте, оларға фьчерстік және опциондық мәмілелер жатқызылады.
   Фьчерстік мәміле сатушының сатып алушыға белгілі бір мерзімде белгілі бір орынға жеткізіп беретін белгілі бір тауардың қандай да бір санына байланысты стандарттық міндеттеме болып табылады.




Скачать