Мемлекеттік қаржының экономикадағы маңызы


Мемлекеттік қаржы – мемлекеттік қаржы ресурстарын қалыптастыру үшін және алынған қаражаттармен мемлекеттің қызметін атқару үшін қоғамдық өнімнен ұлттық байлықтың құндылығын бөлу және қайта бөлуге қатысты ақша қарым-қатынасы.

Ақша қарым-қатынасының субъектілері: азаматтар, мемлекет және өндірістік қоғамда.

Мемлекеттік қаржылар үшін мемлекеттік шығыстардың өсуінің жалпы мемлекеттік өнімнің өсуінен жоғары болуы сипатты болып келеді және де бұл Вагнер заңы деп аталады.

Вагнер заңы 3 факторлармен байланысты:

1)        экономиканың өсуіне байланысты экономикалық өмірдің қиындауы және еңбек бөлінуінің тереңдеуі тиімді экономиканы қолдауды қажет етеді;

2)        техника және технологиялық дамулар үлкен мөлшерде капитал қажеттіліктерін қажет етеді. Оларды акционерлік қоғам мен мемлекеттік корпорациялар қамтамасыз етеді. Мемлекет техникалық шаралар арқылы монополиялық өнірістер пайда болатын жерде олардың қызметін реттеуші ретінде қатысуы керек;

3)        мемлекет білім беру және денсаулық саласында белсенділік танытады. Өйткені бұл салалардан түсетін пайда экономикалық бағалауда төзімді болып келеді.

 

Мемлекеттік қаржы ұғымында жеке дара звенолардың әрқайсысы спецификалық орын алады.

Мемлекеттік қаржылар құрамына кіретіндер:

1)        мемлекеттік бюджет;

2)        бюджеттік емес қорлар;

3)        мемлекеттік несие;

4)        мемлекеттік қоғамның қаржылары.

Мемлекеттік басқару деңгейі бойынша экономикалық және әлеуметтік салада мемлекеттік қаржылар республикалық және жергілікті болып бөлінеді.

Бюджеттік қарым-қатынас мемлекеттік қаржы құрамында маңызды рөл атқарады. Бюджеттік өзара байланыс арқылы ақша қаражаттары қайта бөлінеді, яғни шаруашылық мекемелерден мемлекеттік пайдасына және керісінше.

Республикалық бюджеттің рөлі 

Оның қорлары жалпы мемлекеттік іс-шараларды жүзеге асыруға арналған. Республикалық бюджеттің көмегі арқылы экономиканың тұрақтылығы, бюджет теңгерімділігі мәселелері шешіледі.

Жергілікті бюджет 

Бұл экономикалық процесті реттеу үшін өндірістік күштерді орнатуы, территориялық инфрақұрылымның дамуы үшін қолданылады. Әлеуметтік шығындарды қаржыландыру барысында үлкен рөлді жергілікті бюджет атқарады.

Бюджеттік емес қорлар 

Бұл жеке мақсатты іс-шараларды аударымдармен және басқа да дерек көздермен қаржыландыру.

Мемлекеттік несие

Мұнда қарым-қатынастар мекеменің уақытша бос ақша-қаражаттарын мобилизациялаумен байланысты, оларды мемлекеттік мекемеден берілуі мемлекеттің қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін керек.

Мемлекеттік қаржылар меншіктің жіктелу тұрғысынан қарағанда мемлекеттік заңды тұлғаның меншігі және мемлекеттік қазына болып табылады.

Мемлекеттік заңды тұлғаның бөлігі заңды түрде жеке дара болып табылады және мемлекеттік қаржылардың негізін құрайды.

Мемлекеттік қазына 2-ге бөлінеді:

1)        республикалық;

2)        жергілікті.

Республикалық қазына жүйесі:

1)        республикалық бюджет қаражаттары;

2)        алтын валюта қорлары;

3)        тек қана мемлекеттік меншігіндегі мүліктер (жер, флора мен фауна, табиғи ресурстар);

4)        республикалық меншікке жататын жеке дара емес мүлік.

Жергілікті қазына жүйесі:

1)        жергілікті бюджет қаражаттары;

2)        коммуналдық меншікке жататын жеке дара емес мүлік.

Осыдан барып мемлекеттік қаржылардың рөлі бөлінеді, яғни мемлекеттік қаржылар – әр анықталған тіршілік ету кезеңінде үкіметтің экономикалық функциялардың орындалуын және қоғамның дамуының мақсаты мен міндеттерін жүзеге асырудың негізі болып табылады.




Скачать