Жер экономиканың аграрлық секторында өндірістік негізгі құрал ретінде


                                              Кіріспе

 

         Қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыру, соның нәтижесінде халықтың тұрмысын, әл – ауқатын жақсарту өндірістің еңбек, материалдық және табиғи қорларын тиімді пайдаланумен тікелей байланысты. Қазіргі кезде және болашақта өндіріс қорларының барлық түрін кешенді, үнемді пайдалану мәселесін шешкенде ғана экономиканың даму қарқынын арттыруға болады.

         Бұл мәселенің шешімі ең алдымен табиғаттың қалыпты жадайын сақтап, оның ресурстарын тиімды пайдаланумен тығыз байланысты. Өйткені табиғат өндіріс қорының көзі, әрі өндірісті орналастыру ортасы ретінде өндірістің барлық саласына қатысты. Өндірістің даму қарқыны артқан сайын табиғат байлығын пайдалану мөлшері де өсіп келеді. Соған байланысты әсіресе қалпына келмейтін табиғат байлығының тиімді қорының азаюы немесе сапасының төмендеуі қоғамның өндіріске жұмсалатын шығынының артуына кері әсер етуде. Өндірісте қолданылатын табиғат қоры сапасының төмендеуінен туындайтын өндіріс тиімділігіне кері әсерді ғылыми – техникалық жетістіктер нәтижесі де жоя алмай тұр. Екінші жағынан, өндірістің кері әсеріне табиғи ортаны қорғау ісі де күрделене түсті. Сондықтан да табиғат байлығын кешенді, үнемді пайдалану кезек күттірмей шешімін табуға тиіс мәселеге айналып отыр. Оған табиғаттың және қоғамның даму заңдылықтары негізінде, олардың үйлесімділігін арттыру арқылы ғана қол жеткізуге болады.

         Табиғатты тиімді пайдалануда экономика ғылымының маңызы зор. Табиғатты қорғау, тиімді пайдалануды басқару, жоспарлау, оған экономикалық ынталандыру, табиғат байлығын игеруге, табиғи ортаны қорғауға жұмсалған шығындардың тиімділігін анықтау, қоғамдық қажеттілікті қамтамасыз етудің тиімді жақтарын белгілеу, т.с.с. экономика ғылымының тікелей атқаратын қызметі.

 

Қорытынды

 

Табиғат байлығын пайдалану, табиғи ортаны қорғау білікті инженер, экономист мамандар даярлаумен де тікелей байланысты. Өйткені қазіргі өндіріс басшыларымен ұйымдастырушылары өндіріс қорларын игеру экономикасын оның ішінде табиғат байлығын пайдалану, табиғи ортаның қорғау мәселесін терң меңгеруге, қоғамға қажетті өндіріс қорларын ұйымдастыра білуге қабілетті болуға тиіс.

         Бұл еңбекте табиғат байлығын пайдаланудың, табиғи ортаны қорғаудың қазіргі жағдайы; ғылыми – техникалық жетістіктер деңгейі, олардың табиғатты пайдалануға әсері; табиғат байлығын экономикалық бағалау әдістері; табиғат байлығын пайдалану, табиғи ортаны қорғау тиімділігін анықтау; оған экономикалық ынталандыру, басқару, ұйымдастыру әдістері қарастырылады. Сондай – ақ студенттер мен табиғат байлығын пайдаланушы өндіріс мамандарының  табиғат байлығын пайдалану мен табиғи ортаны қорғау экономикасын үйренуіне көмектеседі.




Скачать