Қаржылық жоспарлау


Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi туралы
ереже.

 1. Жалпы ережелер. 

  1.   Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі (бұдан әрi - Министрлiк) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтарын тиiмдi iске асыруды ықпал ететiн мемлекеттік жоспарлау жүйесiн құру және дамыту миссиясы болып табылатын орталық атқарушы орган.
  2.  Министрлiктің негiзгi мiндеттерi мыналар:
  •   Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық мақсаттарын және басымдықтарын, негiзгi бағыттарын қалыптастыру;
  •   мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының басымдықтарымен және ақша-кредит саясатымен өзара қарым-қатынаста мемлекеттік фискалдық, кедендiк және бюджеттік инвестициялық саясатты, сондай-ақ халықаралық экономикалық және қаржылық қатынастар саласындағы саясатты қалыптастыру;
  • экономика секторларында мемлекеттiк активтердi басқару саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыру.

  3. Министрлiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге acырады.

  4. Министрлiк мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы жазылған мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгідегі бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінің Қазынашылық органдарында шоттары болады. Министрлiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi. Министрлiктiң, егер заңнамаға сәйкес уәкілеттік берiлсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар

  5. Министрлiктiң штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

  6. Министрлiктiң заңды мекен-жайы: Астана қаласы, Жеңiс даңғылы, 33-үй.

  7. Министрлiктiң толық атауы – «Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi мемлекеттік мекемесi».
  8. Осы Ереже Министрлiктiң құрылтай құжаты болып табылады.

  9. Министрлiктiң қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражатының есебiнен жүзеге асырылады.

  Министрлiкке өзiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектілерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
  Егер Министрлiкке заңнамалық кесiмдермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлген болса, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттің кiрiсiне жiберiледi.




Скачать