Ипотекалық несиелеудің теориялық негізі


КІРІСПЕ 3

I ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИПОТЕКАЛЫҚ НЕСИЕ 
ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЕГІЗГІ ӘДІСТЕРІ

  • 1.1 Ипотекалық несие: мәні мен қажеттігі 6
  • 1,2 Ипотекалық несиелеудің үлгілері 13
  • 1.3 Қазақстан Республикасының ипотекалық несие жүйесін ұйымдастыру 17

II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИПОТЕКАЛЫҚ НЕСИЕ 
ЖҮЙЕСІНІҢ ТАБЫСТЫЛЫҒЫ МЕН ТӘУЕКЕЛДІЛІГІ

  • 2.1 Несиені есептеу әдістері 29 
  • 2.1 Табыстылық пен тәуекелділік деңгейлерін зерттеу 44

ҚОРЫТЫНДЫ 56

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 58

ҚОСЫМШАЛАР

 

 

КІРІСПЕ

Қандай да экономикалық қызмет болмасын ол адамдардың өмір сүру деңгейін жоғарлатуға бағытталады. Яғни, экономикалық дамуда әлеуметтік мәселе бірінші орында болады. Ал осы әлеуметтік мәселелердің ең бастысы қандай да жеке тұлға болмасын ол отбасын құрап, өзінің баспанасы болуын қалайды. Бірақ әрбір жас отбасылардың қазіргі таңдағы элиталық немесе қарапайым үйлерді алуына қаражаттары жетпейді. Сонымен қатар әрбір тұлғаның өзінің жеке кәсібімен шұғылдануына, және де көптеген әлеуметтік қажеттілікттерге қол жеткізуіне жағдайы келе қоймайды. Осы әлеуметтік мәселелерді шешуде несиелеу механизмінің маңызы ерекше. Осы аталған қажеттіліктерге байланысты қаражаттары шамалы бірақ, тұрақты жалақылары бар азаматтарды несиелеудің ең ыңғайлы жолы мен түрі ипотекалық несиелеу болып табылады. 

Ипотека термині – кепілдік, кепілзат немесе кепілге салу деген мағынаны білдіреді. Ипотекалық несие дегеніміз – бұл құны бар мүліктерді кепілге қойып, соның есесіне ұзақ мерзімге берілетін несие түрі. 
Ипотекалық несиелеу формасы әлемніңң дамыған елдердің барлығында дамыған және ол елдердегі халықтың 30-40% ипотекалық несиелер арқылы тұрғын үйге ие болады. Ал Қазақстанда бұл көрстекіш 2005 жылдардың соңғы мәліметтері бойынша 11,7 мың отбасын құрап, бар жоғы 6% шамасында болып отыр. 

Бірақ та экономика заңдылықтарынан белгілі болғандай, банктердің немесе несие беру ұйымдарының, және де қарапайым халықтың белгілі бір табысқа қол жеткізуі үшін тәуекелге баратыны айқын. Табыс деңгейі неғұрлым жоғары балса, тәуекел деңгейі де соғұрлым жоғарылайды.  

Сондықтан ипотекалық несиелеуді дамыту, және оның тәуекелдігін азайту Қазақстанның алдында тұрған үлкен мәселелердің бірі болып отырғандықтан, мен дипломдық жұмысымның тақырыбын «Қазақстан Республикасындағы ипотекалық несиелеу әдістерінің тәуекелін зерттеу» деп алдым. Бұл тақырыптың өзектілігі ипотекалық несиенің жүргізілу механизмін, еліміздегі ипотекалық несие жүйесінің даму барысын, табыстылығы мен тәуекелділігін және мәселеелрін қарастыра келе болашақтағы даму жағдайын сипаттау болып табылады. 

Тәуекел банктің, сақтандыру мекемелерінің, пайдық немесе зейнеткерлік қорларының, белгілі қаржы қызметтерін орындайтын тұлғалардың потенциалды ұтылысының (максималды мүмкін болатын) бағасы болып табылады. Институцияналды инвесторларға максималды мүмкін болатын ұтылыстар барынша, белгіленген шамадан аспауы қажет. Кері жағдайда қаржылық тұрақсыздықтың пайда болу ықтималдығы бар. Осындай жағдайдың орындалмауы үшін не істеу керек? Тәуекелді басқару жүйесін құру қажет. Тәуекелді басқарудың маңызы, біріншіден, тәуекелді оқиғаның басталғандығының белгілі деңгейін болжамдау, екіншіден, мүмкін болатын жағдайсыз нәтижелердің мүмкіндік мөлшерін төмендету шараларын қолдану. Тәуекелді басқара алу үшін, оның көлемдік бағасын білу қажет. Жағдайсыз оқиғалардың болу ықтималдығын және ұтылыс көлемін өлшей білу керек. Коммерциялық банктер өзінің күнделікті қызметінде көптеген көлемдегі тәуекелдің түрлерімен қақтығысады (бағалық, несиелік, валюталық). Ол банктер тәуекелдің барлық түрінге арналған күнделікті маниторингқа жеке түрінде қалай, банктің барлық портфелдеріне де сол сияқты тәуекелді бағалаудың тиімді әдістерімен жетілдіруі тиіс.  

Қазақстан экономикасы өтпелі кезеңді болғандықтан өз құрамында ашық нарықтық және әкімшілік жүйелерін қамтиды. Реформа кезеңдері көптеген макроэкономикалық проблемалаларға әкеп соқты. Соның ішінде әсіресе, инфляция, инвестициялық күйзеліс, бюджет дефициті, мемлекеттік қарыздардың жылдам өсуі, тұрақсыздық пен тәуекелдіктің жоғарғы деңгейі. Сондықтан қолданыстағы Қазақстанның қаржылық нарығында пайда болған тәуекелді бағалайтын моделдер банктерге және кәсіпорындарға осындай экономикалық нәтижелердің кері әсерлерін реттеуге негіз болды. Мұндай мәселелерді шешуде, шет ел мемлекеттерінің тәжірибелерін де қарастыра кеткен жөн.

Внимание! Работа платная! Для оплаты пройдите по ссылке ниже!




Скачать